Қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман ауруханаға түсті

Фото: https://vk.com/wall-110899095_22946

Танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Асылы Осман қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

«Коронавирус емес шығар. 2-3 күн үйде жөтеліп жатқан едім. Дәрігерлерім «короновирус өршіп жатыр, ауруханаға жатқызайық» деп қоймады. Қазір жақсымын, жөтелуді де қойдым. Бірақ түнде ұйықтай алмадым. Дәрігерлер жүрегімді тексеріп жатыр. Ем-домын қабылдап жатырмын. «Орталық клиникалық ауруханадамын», мұнда бәрі таза, жақсы. Бұйырса бейсенбі не жұма үйге шығатын шығармын», — деді ол Massaget.kz  тілшісіне.