Qazaq Bank акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс жабылды

Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағаны айтылады.

Qazaq Bank-тің экс-акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, Алмалы ауданының полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы (іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан) негізінде тоқтатылды. Тиісті шешімді Алмалы ауданының прокуратурасы бекітті», — делінген полиция хабарламасында.

 

24