Қазақ әскері Ресеймен шекарада оқу-жаттығу өткізіп жатыр

Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледіҚостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.

«Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.

Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайтын болады», – делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол  бүгіннен басталады.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here