Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми Душанбе сән-салтанатымен қарсы алды (ФОТО)

Мемлекет басшысы Тәжікстан республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Qazaq today. 

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.