Қаржы пирамидасының басшыларының бірі Польшадан Қазақстанға әкелінетін болды

Польшаның Әділет министрлігі Қазақстанда QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген ер адамды экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Qazaq.today KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратураның хабарлауынша, трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында «QI Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген «К» Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 2018 – 2020 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қаржы пирамидасының жетекшілерінің бірі бола тұра, азаматтардың ақшалай салымдарын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекетінің нәтижесінде зардап шеккен 1345 жәбірленушіге 6,3 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыстарды жасағаннан кейін «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті «К» қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін күдікті 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here