Қарыз өндіру үшін адам ұрлаған үш астаналық сотталды

Астанада озбырлық жасап, адам ұрлаған 3 адамға қатысты сот үкімі күшіне енді.

Бұл жағдайға сотталғандардың жәбірленушіден бопсалаған қарызы себеп болған.

Азамат Ш.-ның алдын ала сөз байласуы бойынша қасақана әрекет жасап, С.-ны ұрлап, оны Астанадан Павлодарға алып кеткені анықталды. Ол жерде Х. оны жалдамалы пәтерде ұстап, қарызын өтеуге қатысты өз бетінше әрекет жасап, 2 млн теңге материалдық шығын келтірген, — деп мәлімдеді сот.

Басты арандатушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайластарының әрқайсысына 7 жыл мерзім берілді.