Қаруланып әскери бөлімнен кеткен: Атырауда сарбазға қатысты тың дерек шықты

Орын алған жайтқа қатысты облыстық полиция департаментінің бапасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.

«Қарумен әскери бөлімнен кету дерегіне қатысты мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Атырауда мерзімді қызметтегі сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққанын жазған болатынбыз.