Қарағанды облысындағы Qarmet компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында тау-кен массасы құлап, 3 кенші зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы кеншілердің жағдайы туралы мәлімет берді.
Екеуі амбулаториялық ем қабылдап жатыр, біреуі ауруханада, жағдайы ауыр, барлық қажетті медициналық ем-дом көрсетіліп жатыр, — деп жауап берді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.
Фото: t.me/aqorda_resmi
40