«Qarmet» компаниясынан 1 млрд теңге ұрланды

Ішкі істер министрлігі «Qarmet» компаниясынан 1 млрд теңге ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері «Qarmet» компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.

«Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған», — деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.