Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 өлі аққу табылды. Қазір құстардың өліміне не себеп болғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағылар хабарлады, деп жазады Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.
«Қарақия-Қарақөл» мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күзет жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты», — деп жазылған хабарламада.
«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері аққу өлекселерінен алынған сынамаларды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.
Qazaq.today