2024 жылдың 31 мамырында Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылдық модельдік кітапханасында ауыл мекемелерінің қызметкерлерімен бірге «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірінде жазықсыз түрмеге қамалып, аяусыз жазаланып, туған жерінен айдалып қуылған мыңдаған адамдарды еске алу мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында тоталитарлық жүйенің құрбандарына айналған азаматтардың тағдырлары талқыланып, олардың ел үшін жасаған ерліктері еске алынды. Қатысушылар сол ауыр жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің халыққа әкелген қасіретін және оның салдарын талдап, тарихи деректермен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар қоғамның тарихи жадысын жаңғыртып, болашақ ұрпаққа тарихты ұмытпай, одан сабақ алуға үндейді. Ұлтын сүйген азаматтардың есімдерін құрметпен еске алу — олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау болып табылады.