Қарағандыда орман алқабынан есімін білмейтін 7 жастағы қыз табылды

Қарағандыдағы орман алқабынан жалғыз жүрген 7 жастағы қыз табылды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «31 арна» телеарнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарағандыдағы орман алқабынан үсті-басы кір-қожалақ, аш бала табылған. Қыз жалғыз өзі бірнеше шақырымды жүріп өткен. Бейтаныс адамдар оны тауып алып, полиция шақырған.

«Қыз атын айтқанда түсінбедік, ол 7 жаста екенін біледі, бірақ ол өз есімін анық айта алмады. Тілінде кемістік бар, ойын білдіргенде түсініксіз сөйлейді. Айтқан сөзі анық емес», — деді «Қорғау-Астана» дағдарыс орталығының жетекшісі Даяна Қазиева.

Полицейлер қызды «Шанс»орталығына жеткізді. Қызметкерлердің айтуынша, бүлдіршіннің дамуында ақау бар.

Фото: Pixabay