Қарағандыда көпқабатты тұрғын үй өртенді

Бүгін, таңертең Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаз өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала бар. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.