Қарағанды қаласында 6 көлік бірден жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қарағанды облысы полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде 6 автокөлік бір-біріне соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан сол жерде бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.