Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

3 мамыр күні Қарағанды-Балқаш тас жолында, Ақсу Аюлы кентіне жетпей «Рено» жүк көлігімен «Тойота» автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі және оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән-жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлі анықталатын болады.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізушілерден, жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.