Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші ұсталды, деп хабарлады облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.
Бүгінде сотталушы түрмеде отыр.
Оған заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады. Қылмыстық кодекске сәйкес жазаны өтеуден жалтарғаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, — деп жазылған Қарағанды облысының ҚАЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін БАҚ-та Қарағанды облысындағы түрмеден 1992 жылы туған Жандос Ошанаевтың қашып кеткені хабарланған еді.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары). Оның туыстары Теміртауда тұрады. Бойы – 175 сантиметр, салмағы — 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ қолында 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.