Қарағандыда субсидия ұрлаған азамат 6 жарым жылға сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандары 253 млн теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражатқа иелік еткен», — делінген мәліметте.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан шектеліп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Qazaq.today

37