Қарағанды облысында мектеп директоры қамауға алынды

Қарағанды облысында ауыл мектебінің директоры 15 тәулікке қамауға алынды. Ол мас досына көлігін жүргізуге берген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Директор қамауға алынып қана қоймай, көлік жүргізуші куәлігінен де айырылды.

Нұра аудандық соты хабарлағандай, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада мұғалімнің осы жылдың шілде айында көлігін мас досына сеніп тапсырғаны көрсетілген. Екеуі ортақ танысының үйінде бірге ішімдік ішіп, сосын қыдыруға шыққан. Сол кезде мектеп директорының көлігін полиция тоқтатқан.

Тәртіп сақшысы көлікті мас күйінде болған көлік иесінің досы басқарғанын анықтайды.

«Нұра аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралын мас күйдегі адамға беру) көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін мектеп директорын кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды», – делінген сот шешімінде.

Мұғалім көлікті басқаруды досына бермегенін алға тартып, сот шешіміне шағым түсірмек болған. Ол сол уақытта ол ұйықтап қалғанын және рөлге досының отырғанын білмегенін айтқан. Құқық бұзушының, полицей мен прокурордың уәждерін зерделеген сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here