Фото: Pixabay
Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің мұндай қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
El.kz жазуынша, қанды оқиға түскі уақытта болған. Себеп – балалардың қарны ашып, анасынан тамақ сұрауы. Келіншек шыдамай, екі қызын да тұншықтырып өлтірген. Осыдан кейін әйел мәйіттердің қасында отырып, кешке дейін бірге тұратын серігін күткен, оған қыздар өздері қайтыс болғанын хабарлаған. Ал ер адам полиция шақырған.
Келіншек полицияға балалар белгісіз заттан уланғанын мәлімдеген. Полицейлер қайтыс болған қыздардың соңғы рет не жегендерін көру үшін ас үйге кірген, ал онда бір түйір тамақ болмаған.
Күдікті қазір қамауда отыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.