Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр» учаскесінің 767 «Қарабас – ОП» аралығында орын алған. Жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетті анықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың  рельстен шығуы олардың ақаулығына байланысты.

Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.

19