Қарағанды балабақшасында 2 жасар баланың күйіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеленушінің термиялық күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.

Ekaraganda.kz-тің жазуынша, оқиға туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың ата-анасы жазған.

«Біздің отбасымызда қиын жағдай. Екі жасар ұлымыз баратын Октябрьская көшесі, 125 мекен-жайында орналасқан «Kiddy land» жеке балабақшасы қызметкерлерінің айтуынша, олар ұлымызды жуындырмақ болады. Сол кезде қараусыз қалған бала 2-3 дәрежелі термиялық күйік алып, денесінің 4 пайызы зақымданған. Ұлым әлі оңалту сатысында. Біз кінәлілер жазасын алуы үшін әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, ата-аналарға ескерту жасағымыз келеді. Бейтаныс адамдарға балаңызды сеніп тапсырмас бұрын өте мұқият болыңыз», – дейді қала тұрғыны.

Сондай-ақ, фотосуреттер мен видеоларды қоса жариялайды.

«Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйіп қалу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігі (Жұмыстарды орындау не тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ал, облыстық білім басқармасы аталған балабақша ведомство балансында еместігін мәлімдеген.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here