24 жылға сотталған экс-министр Бишімбаевтың Алматыдағы бағалы үйлері мен өзгеде жылжымайтын мүліктерінің көп екені сотта белгілі болды. Алайда халық Бишімбаевтың Астанадағы үлері туралы да жағымсыз пікір қалдырды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Қазақстандықтар 2Gis қосымшасына Астанадағы Қуандық Бишімбаев тұрған «Central Park» тұрғын үй кешені жайлы жағымсыз пікірлер қалдырып, жаппай 1 деген баға қойған.
«Мұнда қанішер тұрған», «Бұл үйге байкот жариялаймыз», «Қылмыскермен көрші тұру деген қандай қорқынышты еді», «тіпті 1 деген бағаны аяймын», «Қарғыс атқан үй», «Бұл үйде кісіні өлігенше азаптаған Қуандық тұрған» деген сан түрлі жазабалар әлеуметтік желіде жазылып жатыр.