«Қаңтарда Кәрім Мәсімов Тоқаевты өлтіруге келген»: Қоғам қайраткері

Қаңтарда Кәрім Мәсімов оны өлтіруге келгенде, қасында оқ қағарлары қорғап қалған. Президент тазалығының арқасында ғана билікте қалды. Бірақ әзірге ол ескі жүйенің бөрілерімен жалғыз күресуге мәжбүр. «Сұрауы бар» YouTube арнасының кезекті қонағы болған қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов осындай пікірде.

Айтуынша, ескі Қазақстанның өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевқа төнген қауіп әлі сейілген жоқ.

«Қазір билікте Қасым-Жомарт Тоқаев жалғыз. Тоқаевтың ең басты құндылығы, біз үшін – ұры еместігі. Таза адам. Тазалығын көрсетті. Қаңтарда Кәрім Мәсімов оны өлтіруге келгенде, қасында оқ қағарлары бар Сағымбаев (Ермек Сағымбаев Ред.) деген, қазіргі Қауіпсіздік комитетінің төрағасы тойтарыс жасап, Мәсімовты қамауға алған. Сақтап қалды, ОДКБ-ның көмегімен әйтеуір қалды. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев тазалығымен қалды», – дейді Серік Әбдірахманов.

Қазір қаңтар оқиғасынан кейін сыртқа қашып үлгергендер шетінен елге оралып жатқанын да айтып отыр.

«5 қаңтардан кейін қашқандар санаулы адамдар. Негізгі ұрылардың жанұясы баяғыдан Швейцарияда тұрады. Женеваның маңайында «Храпуновка» деген ауыл бар. Қазір солар шетінен қайтып жатыр. Себебі Назарбаевтың құрған ұры жүйесі өзін сақтай алды. Назарбаевсыз-ақ ары қарай жылжып бара жатыр. Талай азамат осы ұрланған ақшаны айналдырып, есебін тауып, қазір «адал кәсіпкер» болып, қалай баюға болады деп өзінің шетелден үйренгендірімен сабақ оқып, көрініп жүр. Жалпы бізде адал еңбекпен табыс тапқан кәсіпкерлер өте аз», – дейді ол.

Қоғам қайраткері Ата заңға енгізетін өзгерістерді Мәжілістің бірден қабылдамай, демалысқа шығып кетуі де жөн емес деп есептейді. Себебі бұл биліктен шектетілгендердің қайта күш алуына мүмкіндік бермек.

«Қазір сол ұрылардың мүмкіндігі өте биік. Таза адамдардың билікке кіруі қиын. Ұрыларды билікке жібермес үшін, Тоқаев келесі сайлауға емес, мына Мәжілістің сайлауына қолын жеткізуі керек. Халық сайлаған артында Мәжіліс тұрса, сонда ұрылар именеді. Ал қазір жасанды, қуыршақ Мәжіліс отыр. Бұлар Тоқаевқа қиянат жасауы мүмкін», – дейді қоғам қайраткері.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here