Қаңтар қырғында қаза тапқан сарбаздарды әріптестері Алматыда еске алды

Бүгін Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздар Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровты еске алуға арналған «Мәңгілі сапта» бір күндік акциясы өткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Шараны ақшан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бекайдар Қаскеев ел ішін есенгіретіп тастаған қайғылы қаңтар оқиғасына тоқталып, қаза болған ұландық батырлардың көзсіз ерліктерін үлгі етудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында әскери қызметшілерге екі жауынгер туралы деректі фильм көрсетілді. Фильмде ұландық батырлардың ата-аналары, ұстаздары, достары және командирлері олардың өмірлері туралы айтқан естеліктері бейнеленген. Фильмді қараған әскери қызметшілер еріксіз көздеріне жас алды.

Айта кетейік, Қатардағы жауынгерлер Қайсаров Мадияр Оразалыұлы, Аманов Айбат ЕрболұлыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (қайтыс болғаннан кейін) ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен награтталды.