Қаңтар оқиғасын «мәмбеттер революциясы» деп атаған бас редакторға қарсы шыққан екі журналист жұмыстан қуды

«Медиазона. Орталық Азия» басылымының редакциясында болған жағдай  қоғамда резонанс тудырып жатыр. «Медиазона. Орталық Азия» басылымының редакторы Петр Бологов Ресей азаматы. РИА Новости, Лента, РБК және басқа да бірқатар БАҚ-та жұмыс істеген.
«Медиазона» – 2014 жылы құрылған ресейлік либералды басылым. Басылымның Беларуссия мен Орталық Азияда филиалдары бар.
2020 жылы «Медиазона.Орталық Азия» жобасы құрылып, сол кезеңнен бері Қазақстаннан Мадина Қуанова мен Никита Данилин жұмыс істеген.
Петр Бологовтың қаңтар оқиғасын «мәмбеттер революциясы» деп атаған пікіріне қарсы шыққан Никита Данилин мен Мадина Қуанова жұмыстан қуылған.

 


Екі журналист Петр Бологовтың пікірін әлеуметтік желіде әшкерелеген.

«Бұл редактор үшін барлық қазақтар – мәмбеттер, ал қаңтардағы оқиғалар – «мәмбеттер революциясы» (менде хаттардың скриншоты сақтаулы). Осындай пікір айтатын адам «адам құқықтарын» қорғайтын “Медиазона.Орталық Азия” либералды басылымында негізгі шешімдерді қабылдап, соның ішінде қызметкерлерді жұмыстан босату мәселелерін қарастырады», – деп жазды Twitter желісіне басылымның бұрынғы журналисі Никита Данилин.


Мадина Қуанова орын алған жағдайды  растап, «инстаграм» парақшасында жазған. «Медиазона. Орталық Қазақстан» басылымы бұл жағдайға түсініктеме беріп телеграм арналарына жариялады.

«Бүгін біздің бұрынғы тілшілеріміз Мадина Қуанова мен Никита Данилин соңғы бірнеше айдан бері редакция ішінде тұтанған кикілжің салдарынан жұмыстан қуылғаны туралы көпшілік алдында айтты. Бұл бізге ғана емес, оқырмандарға да қатысты, сондықтан біз аталған жағдайға қалай қарайтынымызды айтқымыз келеді», – деп жазды редакция.

Редакцияның хабарлауынша,  Никита мен Мадина ұзақ уақыт бойы қордаланып, редакциямен қарым-қатынасты бұзған түсініспеушіліктің кесірінен жұмыстан шығарылған.

«Бұл бірнеше айға созылды және оған тек Twitter-дегі жазбалар әсер еткен жоқ. Екеуі де жақсы журналистер, бірақ, өкініштісі, біз бірлесіп жұмыс істей алмадық. Олардың жұмыстан босатылғаны туралы 10 күн бұрын хабарланды, ондағы барлық ақша төленді», – деген редакция басшылығы.

Редакция өз қателіктері ретінде компенсация туралы толық ақпарат бермегендерін мойындады.

«Бұл үшін Мадина мен Никитадан кешірім сұраймыз. Екі айдың жалақысы бойынша өтемақы бір апта ішінде төленді», – деп түсіндірді Медиазона.

Сондай-ақ «Медиазона.Орталық Азия» редакция мүшелері тарапынан белгілі бір ұлтты қорлайтын сөздер айтылғанын растаған.

«Біздің ішкі қарым-қатынасымызды ғана емес, барша оқырмандарды да толғандыратын нәрсе бар. Телеграмдағы жеке және қызметтік хат алмасуда редакторлардың бірі қолайсыз лексиканы қолданған (мысалы, ол «мәмбет» деген қорлау сөзін қолданған). Мүмкін басқа да сөздер болған шығар. Қандай да бір контекстіге қарамастан, «Медиазона» және оның қызметкерлеріне кез келген қорлайтын, бейәдеп сөздерді қолдануға жол берілмейді», – дейді редакция.

Басылым оқырмандарынан кешірім сұрап, редакцияның өзге қызметкерлері мұндай пікірде емес екенін айтқан. Басылым хабарлағандай, бұл мәселеге қатысты тренингтер өтіп, редакция ішінде аталған оқиға талқыланған. Олар осындай ерсі жағдай тағы қайталанса, қызметкерлердің жұмыстан қуылатынын хабарлады. Алайда қаңтар оқиғасын «мәмбеттер революциясы»  деп атаған редакторды  сол қалпы жұмыстан шығармаған.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here