Фото: canva
Қырғызстанда аудандық ауруханада Ыстық-көлде ауыр жарақат алған Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
15 шілдеде полицияға 42 жастағы Қазақстан азаматы ауруханаға түскені туралы хабар түскен. Ер адам Қара-Ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында ауыр жарақат алған. Ер адам қайықтың астында қалған.
Бұл дерек тіркеліп, тергеуге дейінгі шаралар басталған. Қайық иесі — 32 жастағы жергілікті тұрғын, құралды 18 жастағы жігіт басқарған.
16 шілдеде қазақстандық азамат қайтыс болған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.