«Қайрат Сатыбалдыға елге опасыздық, сатқындық айыптары тағылмай ма?»: Заңгер Бас прокуратураға сауал жолады

Заңгер, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының сот процесіне қатысты пікір білдірді.

Неге тек ғана Қазақтелеком 12 млрд ғана ұрлағаны жайлы іс қозғалған? «Қайрат Сатыбалды жасаған ісіне өкінеді және келтірілген шығынды толық өтеуге дайын», – деп бостандыққа шығара саласыздар ма?! «Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр», дегенді қалай түсінеміз?  Елге опасыздық, сатқындық  айыптары бұл кісіге тағылмай ма? Бәріне Мәсімов кінәлі ма сонда?! ҚР Бас прокуратурасы жауап берулеріңізді сұраймын!, – деп жазды ол.

Айта кетейік, 2022 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген.

Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталды.

Соңғы

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

Тоқаев Израиль президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті,...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. Алдын ала қорытынды бойынша көп дауыс...

Қазақстан Әзірбайжанға 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Бұл туралы "ҚазТрансОйл" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурызда Баку порты бағытында одан әрі тасымалдау үшін...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here