Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін ұзартты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін», — делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ,  Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Оған қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

 

Qazaq.today