Қайрат Нұртас: Шешіммен келісемін

Сот аяқталған соң Қайрат Нұртасты күтіп тұрған журналистер әншіге сұрақ қойды, – деп хабарлайды Qazaq.today otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Әншіден «Шешіммен келісесіз бе?» деп сұрады.

«Иә, келісемін», — деп жауап берді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарған. Әнші өзін жәбірленушімін деп атады. Кейін Қайрат Нұртастың бұрынғы досы да қамауға алынды.