Жақында ғана қамаудан шыққан танымал әнші Қайрат Нұртас фанаттарының арасында түскен видеосымен желіні шулатып үлгерді, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты Massaget.kz сілтеме жасап.
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртасты қаумалаған қыздармен түскен видеосын жариялады.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың пікірі екіге бөлінгенін байқауға болады. Оқырмандардың бір тобы әншіні қаумалаған қыздардың қылығын жақтырмай «Жас қыздар, біреудің байына жабысып не көрінді сонша? Намыс, ұят қалмаған», «Адам көрсе ұялады, Құдайға осылай табынса ғой» деп жазып жатса, енді бір тобы сүйікті әншісінің бостандыққа шыққанына қуанып, жүрекжарды лебізін білдіріп жатыр.