Қайрат Боранбаев бюджетке тағы 120 млрд теңге аударды

Фото: insporttv.kz 

Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың заңсыз активтерін қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Ол бұған дейін сот үкімі бойынша сотталған, келтірілген залал өтелді. Сонымен қатар ол бюджетке тағы 120 млрд теңге аударды. Қазіргі уақытта оның тарапынан бюджетке қосымша инъекциялар жүргізілуде. Басқа да қылмыстық істер: жеке тұлғаның салық төлеуден жалтаруы, ұрлық фактілері бар. Осы істердің аясында қазіргі уақытта активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», — деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.