Фото: © Global Look Press/Kremlin Pool
Бұл туралы Кремльдің басасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Владимир Путин бірқатар мемлекет басшыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ТМД мемлекеттерінің және басқа да елдердің басшыларына жеделхаттар жолданған.
«Бұдан басқа құттықтау жеделхаттары шет мемлекеттердің кейбір бұрынғы басшылары мен үкімет басшыларына, атап айтқанда, Рауль Кастро, Роберт Кочарян, Нұрсұлтан Назарбаев, Серж Саргсян, Герхард Шредерге жіберілді», – делінген Кремль таратқан ақпаратта.
45