Путин Тоқаевқа әкесінің Кеңес Одағының Батыры атағын бергені үшін марапат парағын табыс етті

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің архивінен алынған әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын табыс етті.

Құжатқа сәйкес, Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ оған берілмеген.

Ол Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.