Айбота Рақымбекованың айтуынша, өзін 2006 жылы 10 жасында экс-депутат зорлаған. Мұндай жағдай екі рет болған дейді. Сондай-ақ оның анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Қазір ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады. 28 жастағы Айбота әкесінің озбырлығын дәлелдей алмай жүр.
Айбота – Төлеутай Рақымбеков пен Салтанат Рақымбекованың асыранды қызы. Бірақ қыз мұны тек 25 жасында білген. Оны 6 айлығында ата-анасы нағашы әжесіне тастап кеткен. 5 жасына дейін әжесінің қолында өскен. Әжесі қайтыс болған соң, 2002 жылы экс-депутаттың отбасы оны асырап алады. Шын мәнінде Салтанат Рақымбекова – оның тәтесі, яғни туған анасының сіңлісі болған.
Қыз өзінің зорланғанын былтыр ғана батылы жетіп айтты. 2023 жылы қарашада Төлеутай Рақымбековтің үстінен «Кәмелетке толмағанды зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.