Президент туған күнін атап өтпейді — Ақорда

Биыл 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған байланысты Ақорданың баспасөз қызметі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

2025 жылғы 15 мамырдағы ресми мәлімдемеге сәйкес: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді» — делінген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген.