2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияның тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия аламын деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына, бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны», — деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес.
«Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», — деді Тоқаев.
Qazaq.today