Президент сөгіс жариялаған үш министр сыйақыдан қағылуы мүмкін бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер Бақыт Сұлтановқа, Ербол Қарашөкеевке және Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, – деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. Мемлекеттік саяси қызметшіге жарияланған сөгістің салдары қандай болмақ?

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрі Серікқали Брекешовке, премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік тағайындау ережелері Президенттің 2015 жылғы Жарлығында көрсетілген. Бұл министрлерге де қатысты.

Мемлекеттік саяси қызметшіге тәртіптік жаза мемлекеттік саяси қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, дұрыс орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылады.

Жаза күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде мемлекеттік саяси қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы алынған деп есептеледі.

Саяси мемлекеттік қызметші тағы да теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза 6 ай мерзім өткенге дейін алып тасталуы мүмкін. Шешім шығарған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жазаны мерзімінен бұрын алып тастай алады.

Мемлекеттік саяси қызметшінің лауазымды міндеттері тоқтатылған күнге дейін жаза алынбаса, осы міндеттер тоқтатылған күннен бастап алынған болып есептеледі.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және айлыққа үстемеақы белгілеу қағидаларына сәйкес, қызметкердің тәртіптік жазасы болған кезде сыйақы берілмейді. Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы мерейтой және мереке күндеріне орай төленуі мүмкін.

Осылайша, министрлер Бақыт Сұлтанов, Ербол Қарашөкеев және Серікқали Брекешев келесі 6 айда сыйақыдан қағылуы мүмкін.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here