Фото: Ақорда
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 16 маусым күні Президент Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алған болатын. Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеп, мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсеткен еді.