Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Президент сайлауы кезінде тәуелсіз бақылау жүргізген «HAQ» қоры жұмыстарының нәтижесін жариялады

Тәуелсіз бақылаушылар президент сайлауының қалай өткенін жариялады.  «HAQ» қоры осы жолы еліміздегі 12 қалада сайлауда дауыс берудің барысын бақылаған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Қазақстандағы 400-дей сайлау бөлімшесінде қордың 632 тәуелсіз бақылаушысы жұмыс істеді. Сайлау аяқталған соң ұйым атынан байқаушы болған азаматтар 468 хаттама жинап алған. Ұйым өкілдерінің сөзінше, көптеген жерлерде дауыс берудің дұрыс өтуін ескертуге тура келген.

«Бақылаушылар комиссия мүшелері мен дауыс беруге келген азаматтардан көз алмай қарап отырды. Әрине, сайлау болған соң неше түрлі жағдай болады. Мысалы, аумақтық комиссиялардың кейбір мүшесінде дауыс беруге қанша адам келуге тиіс екені туралы нақты ақпарат болған жоқ. Кейбір жерде тіпті бақылаушыларға қатаңдау талап қойғандар да болды. Тағы бірде комиссия мүшелері видеоға түсіруге, бөлімшенің ішінде жүруге рұқсат бермеген. Бірақ біз талап еткеннен кейін райынан қайтып, жұмыс қайта жалғасты. Дауыс беруге келгендердің ішінде де заң бұзғандар болды. Кейбіреуі кабинаға екеулеп кірген. Ондай кезде тоқтатып, олардан тәртіпті сақтауын талап еттік», -деді бақылаушылар.

«HAQ» ҚҚҚ атқарушы директоры Тоғжан Қожалының айтуынша, кейбір аймақтарда белгісіз тұлғалар байқаушылардың жұмысына кедергі келтіруге тырысқан.

«632 сайлау учаскесін қамтыдық. Сол учаскелерден 400-ден астам хаттама алдық. Жалпы сайлаушылардың дауыс беру үлесі, біздің ұйымның есептеуі бойынша, 69,44% болды. Бұл жолы «бәріне қарсымын» деп дауыс берушілер үлесі ОСК мәліметінде 5,8% болса, біздің ұйымның есептеуі бойынша 6,33%. Одан бөлек, Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жіберген 200 куәліктің түпнұсқасын белгісіз адамдар көшірмеге алмастырып жіберген. Уақыт қысқа болған соң тек 100 куәлікті ретке келтіріп үлгердік. Бұл сайлау бізге үлкен тәжірибе болды» – деп мәлімдеді Тоғжан Қожалы.

Ұйым өкілдерінің мәліметі бойынша, өзге бақылаушы ұйымдарға қарағанда «HAQ» байқаушылары белсенді болған. Учаскелердегі комиссия мүшелері де өзге байқаушыларға қарағанда дәл осы ұйымның өкілдерінен құжатты көбірек талап еткен. Алайда сайлау қорытындысы бойынша ресми ОСК ұсынған мәліметтер мен «HAQ» ұсынған деректер арасында үлкен айырмашылық жоқ.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here