Президент жұмыс сапарымен Қытайға барады

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.