Президент әкімшілігі қызметкерлерінің саны қысқарды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

 

Qazaq.today