«Пономаревпен ойнас жасаған»: Алматыда әйелін айуандықпен өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды

Марқұм әйелдің туыстары Зарипованың күйеуі аффект күйінде кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тануды талап еткен. Дегенмен Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қылмыстың «аффект» жағдайында жасалмағанын нақтылады. Айта кетейік, Әл-Бейна Зарипова 26 қыркүйекте 43 жасқа толатын еді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам әйелін 10 рет пышақтап, бес миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кетті деп айыпталғанын жаздық. Жәбірленушінің жақындары күдіктінің жазадан оңай құтылып кетуінен қорқып, резонанс тудырғысы келеді. 42 жастағы Әл-Бейне Зарипова FlyDubai компаниясының Қазақстандағы серіктес компаниясының қаржы директоры болған.

Күйеуімен отау құрғандарына 15 жылға жуықтап, 12 жасар қыз тәрбиелеп өсірді. Осы жылдың 31 қаңтарында таңғы сағат 08:00-де ол 10 рет пышақ жарақатын алып, азаптанып өлді. Кісі өлтіру оқиғасы ерлі-зайыптылардың Медеу ауданының элиталық бөлігіндегі жеке үйдің жер төлесінде болған.

Тергеу барысында Сабыржан Зарипов әйелінің ойнас жасап, көзіне шөп салғанын жасырмай ашық айтқанын мәлімдеген еді. Әйелінің өзі аузынан опасыздықты естіген күйеуі Әл-Бейнені пышақтап тастаған.