Фото: instagram/makosyai
Отандық шоу-бизнес өкілі, әнші Мақпал Исабекова алғаш рет көпшілікке күйеуін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Өнер иесі ұзақ уақыт бойы күйеуінің түрін жасырып келген Мақпал Исабекова Instagram желісінде оқырмандарын таңғалдырды. Әнші жолдасымен түскен бірнеше суретін жариялап, қалың көпшілікке оны ресми түрде таныстырды.
«Таныс болыңыздар. Теодор мен Илаяның әкесі, Родион Викторович», – деп жазды әнші.
Одан кейін күйеуінің қазақ емес екенін де жасырмай жариялады.
“Мен ғана көріп тамсана бермейін деп сіздер де көрсін дедім. Поляк, украин, орыс пен еврейдің қаны бар», – деп қысқа қайырды әнші.
114