Польшада дүлей дауылдан бес адам қаза тапты

Фото: Pixabay
Қолайсыз ауа-райы еуропалықтарды да әбігерге салды. Францияда су тасқынынан 200 адам оқшауланса, Польшада дүлей дауылдан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен ағаштар автокөліктерге құлап, көліктің ішіндегі жолаушылар ауруханаға жетпей жан тапсырды, деп жазады qazaqstan.tv.Ауа-райының қолайсыздығынан Польшаның Оңтүстігіндегі елді-мекендерде саябақтар, тау-шаңғы кешендері жабылды.

Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.