«Полиэтиленге оралған»: Алматыда қоқыстан сәбидің денесі табылды

Алматыда қоқыс қалдықтарын сұрыптау кезінде нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. 

Алматыда «Green Recycle« ЖШС зауытында Қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған баланың денесі табылды. CMN.KZ порталының мәліметінше, оқиға 14 шілдеде болған. Баланың денесі қоқыс пакетіне оралған. Ол конвейер желісінде табылды.

Бұған дейін Шымкент қаласының перинаталдық орталығына шала туылған баланың денесі лақтырылған болатын. Дәрігерлердің пікірінше, ұрықтың дамуы жүктіліктің төртінші айына сәйкес келеді. Мамандар ананың мерзімінен бұрын босануды тудыратын препаратты қабылдауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.