«Полицейлер ұйымдастырған»: ШҚО мектеп оқушыларының төбелесі жайлы тың мәлімет шықты (видео)

Белгілі болғандай, бұл видео 2023 жылы түсірілген. Алайда барлық қатысушылар анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Бейнежазба жарияланған соң, Герасимовка ауылының тұрғындары бұл оқиғаға, сондай-ақ басқа да көптеген жағдайларға полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ол ауылдағы мектеп оқушыларынан топ құрып, осылайша тәртіп орнатуға тырысқан.

ШҚО полициясы аталған қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін нақтылады.

Фото: ашық дереккөз