«Пианино сатып алу керек»: Баян Мақсатқызы 10 айлық сәбиінің бойынан қабілет байқаған

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызы Алманың музыканы жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі 2024 жылдың тамыз айында Алиса мен Алма есімді қыздардың анасы атанған еді.

“Екі жақ та музыканттар отбасы. Сол жетіп жатыр. Алма қызымыз музыканы қатты жақсы көреді. Енді тез арада пианино сатып алу керек”, – деп жазды продюсер.

Еске салайық, продюсер суррогат аналардың көмегімен екі қыздың анасы атанған еді.

“Табиғи жолмен ана болуға дайын болмадым. Суррогат ананың көмегіне жүгінуді ұсынды. Оған қатысты да бірнеше ақпаратты түсіндірді. Біз келісіп, енді сол бағытта жұмыс істей бастадық. Тұрсеннің биоматериалын сақтап қойдық. Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды. Алайда біз шыдап, барлық қиындыққа төзуге тырыстық. Міне, бір айда екі қызымыз дүние есігін ашты”, – деген еді Баян Мақсатқызы.