«Бұл мектепте бейне камералар болғанымен, лицензиясы бар күзет қызметі болмаған. Қазір әкімдіктерге «бүкіл мектепті бейнебақылаумен жабдықтаңыздар» деген міндет қойып отырмыз.
Әсіресе қалаларда, аудан орталықтарында интернет бар жерлерде мектеп камералары полиция басқармасының жедел орталығына жалғануы керек. Сондай-ақ, турникет бойынша да талаптар бар. Бірақ ол талапты өңірлердің бәрі орындай қойған жоқ», — деді вице-премьер Алтай Көлгінов.
Бұған дейін Петропавл қаласы № 4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы сабаққа балта мен пышақ әкеліп, 3 баланы жарақаттағаны хабарланған. Алдын ала мәліметтер бойынша оқушы интернет ойынының тапсырмасын орындаған.
Qazaq.today