Үстіне сылақ құлаған Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің үш оқушысы ертең ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бүгін балаларды мамандар тексерді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Александр Гассманның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Түнді жақсы өткізді. Денсаулықтарына қатысты шағымдары жоқ.
«4 желтоқсан күні сағат 18.28 минут кеткенде 12-13 жастағы үш бала жеткізілді. Олардың үстіне мектепте төбенің сылағы құлап кеткен екен. Бүгін травматолог пен облыстың штаттан тыс невропатологы қарап, тексерді. Бұған дейін қойылған «бас миы шайқалу» диагнозы расталмады. Екі баланың арқасы жарақаттанған. Үшінші бала басынан соққы алған», — дейді Александр Гассман.
Балалар бүгінгі күнді де ауруханада өткізбек. Өздерін жақсы сезінген жағдайда ертең үйлеріне барады. Оқуларын жалғасыруға қарсы көрсетілім жоқ.