Петропавлда су астында қалған үйден бір адамның денесі табылды

Фото: Pixabay

Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басып қалған еді. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция.